«Тірілген гүлдер» кітабын әйгілі француз иллюстраторы және карикатуристі Жан Гранвиль 1847 жылы жасаған. Ол гүлдерге әйелдік бейне мен мінез-құлық ерекшеліктерін беріп, сүйкімді образдардың букетін бейнелеген. Оның «Романтикалық Есікше», «Патшайым Роза», «Мисс Мак», «Леди Лалагүл» бейнелері бізді шабыттандырды. Natasha Libelle үйінің зергерлері суретшінің салып берген әсерлерін сақтау үшін, гарнитураларды прототиптерге ұқсатып жасауға тырысты. Сондықтан әшекейлерде көптеген реңктер, әсем қисықтар, нәзіктік пен жарқыл көп. Олар әйелдер сияқты қайталанбас, әрі сондай жарқын. Алтын мен түрлі-түсті эмальмен қапталған оправаларға біз топаздар мен алмаздар, сапфирлер мен хризолиттер, цитриндер, кварц пен перламутр қостық. Әшекейлер жарқын және есте қаларлықтай шықты, себебі әлемде бірдей гүлдер жоқ, және әрбір әйел өзінше әдемі!